Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін - Гүлзира Айдарбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін - Гүлзира Айдарбекова

Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін - Гүлзира Айдарбекова

Продюсер Гүлзира Айдарбековаға халық сүйсінді. 

  • 21 Маусым 2023
  • 252
Фото - Caravan.kz

Гүлзира Айдарбекова өзін әрқашан бақытты сезінетінін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира ханым оқырмандарына өзін не үшін бақытты сезінетінін айтты. 

"Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін. Сен неге екенін білесің ба? Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту әрқашан ауыр.
Өмір қысқа.
Бақытты бол, және күлімде. Бір нәрсе айтар алдында тыңда…Бәрін-бәрін өзіңнен баста, қайталап айтам…ешкімнен ештеңе күтпе. Ешкімге өкпелеме, өмір сенікі. Сенің өмірің ешкімдікі емес, сенікі. Сенің өмірің сенің әлемің. Ата-анаңды, қоршаған ортаңды, отбасыңды бағала, бәрін жүрегіңмен жақсы көр, өзің жақсы болсаң, адамдардың бәрі жақсы. Тіптен, ит пен мысық, құстарға дейін мейірімді бол. Ниетіңе қарай, Алла саған бар мейірімін төгеді", деп жазды. 

Продюсердің оқырмандары сүйсіне де, қызыға қарап, ізгі тілек-ниеттерін жазды.