"Мен қиналып жүрмін...": Назарбаев ешқашан айтпаған дүниемен бөліседі – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен қиналып жүрмін...": Назарбаев ешқашан айтпаған дүниемен бөліседі – видео

"Мен қиналып жүрмін...": Назарбаев ешқашан айтпаған дүниемен бөліседі – видео

Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты.

  • 19 Қазан 2021
  • 3046
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Хабар" телеарнасында Елбасы туралы деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі.
"Штрихи к портрету" фильмінің бесінші бөлімі 21 қазанда сағат 21:30-да эфирге шығады. "Мен қазір бұрын соңды ешқашан айтпаған дүниені бөлісемін. Бұл сен үшін сенсация болады. Мені кешірсін… Мен қиналып жүрмін. Қорықпайтын адам жоқ", — дейді фильм үзіндісінде Елбасы.

"Штрихи к портрету" – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көп сериялы деректі фильм. Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда, Қазақстанның тұңғыш президенті күні жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты.

Бірінші фильмде Елбасы қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің ұрлығы және сатқындығы жайлы, отставкаға дейін Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты.

Екінші бөлімінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалай құрылғанын айтып берді.


Фильмінің үшінші бөлімінде қандай кітаптар оқығанын, қазір қай жанрдағы шығармаларға басымдық беріп жүргенін сөз етті.

Ал фильмнің бесінші бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен таныстығы туралы айтты.

 

Соңғы жаңалықтар