Мен Құдайға бір тиынға да керек емеспін - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен Құдайға бір тиынға да керек емеспін - Ләйлә Сұлтанқызы

Мен Құдайға бір тиынға да керек емеспін - Ләйлә Сұлтанқызы

Ләйлә Сұлтанқызының көңілін кір шалған не? 

  • 9 Тамыз 2019
  • 7507
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Белгілі тележүргізуші Ләйлә ханым ренжулі сыңайлы. Досың да, әріптестеріңе де тек ақша үшін ғана керексің дейді.

Тіпті ренжіп Құдайға да бір тиынға керек емеспін деп жазуының мәні не болды екен. 

"Адам жиі #зонакомфортадан шығып тұрса өзіңе пайдалы.
Жәй ғана мысал 26 күн телефоныма ешкім хабарласа алмады, дәлірек айтсам, бір себептермен роумингім қосылмады, керек болып жатса үйдегілер мені не мен оларды ватсаппен-ақ таптық. Айтпағым, сіз жоқта бәрі сол қалпында, ештеңе өзгермейді, сіз жоқ болсаңыз да жұмыс солай жүріп тұрады, сіз жоқ болсаңыз да бәрі өз бетімен өмір сүреді, сіз жоқ болсаңыз ештеңе қирап қалмайды.

Өзіміз "керекпін(з)","менсіз болмайды,"мен деградировать етіп қаламын" деген сияқтының бәрін миымызға құйып алып, сол "бақыттан" айырылып қалатындай өмір сүреміз…
Бос әңгіме, қоя қойыңыз…
Сіз керексіз: жақсы ақша таба алсаңыз достарыңызға, әріптестеріңізге.
Сіз керексіз: қайырымдылығыңызды көріп жүрген адамдарға.
Сіз керексіз: басшы болсаңыз айлық төлеуіңіз үшін.

Басқа ешкімге керек ЕМЕССІЗ… Мен мысалы құдайға бір тиын да керек емеспін, ол маған керек)

Ал осы аралықта за то 2 кітап аяқтауға, іштей өзімді зерттеуге, интуициямды тыңдауға, гармония табуға, ұлдарымның #екеуініңәңгімесі-н тыңдауға, киберспортты зерттеуге және тағы да 1 жылға "керек" болып қалармыз деген жоспар құруға уақыт пен ниет табылды…

Өтірік "керек" -пен, шынайы "керекті" ажарата алу үшін өзіңізді сынауға дайын болар күш, жігер тілеймін. Ал енді телефоным қосылды… Керек болсам #звондай беріңіздер", деп жазды.