Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Шу кезінде ол "Мен салық төлеп жүрмін, мына жерде менің тілімде болуы керек. Конституцияда орысша, қазақша деп жазылған. Кім, нені қалайды, маған бәрібір. Сіз не түсіріп жатсыз ба? Оған сіздің қандай құқығыңыз бар?",- деді Астаналық әйел.
Орын алған оқиғаға байланысты Астана қаласының полиция департаменті жауап берді
"Астана қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеода әйелдің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады", — деп пікір білдірді.