Оған қоса ол : «осы атышулы қылмыстық іске қатысушыларға алғыс айтқан әділ болар еді»,- дегенді айтты. «Мен 50 жастамын , соттан сұрайтыным, жас жігіттерге мұқият көзқарас ұстануды сұраймын, олардың бар өмірі әлі алда»,-деп ескертті.
Сондай-ақ , айыпталушылар Рустам Ибрагимов, Алымжан Ғазиев, Еділ Әбікенов, Асылан Тәжі, Разхан Есепбергенов, Ерлан Ералиев, Виталий Мирошников, Нүркен Едігеев, Ерғали Қасымов соңғы сөз алды.
Е.Қасымов соңғы сөзінде, «мен жазамды өтеуге дайынмын»,- деді. Бірақ соттан ол бас бостандығынан айырмауды сұрап, кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін алға тартты.
Е.Әбікенов өз кезегінде, «осынша жыл осы жүйеде қызмет ете келіп, ақыр-аяғында темір торға тоғытыламын деп ойлаған емеспін», деді.
Сотта жарыссөздер аяқталды. Сотқа төрағалық етіп келген Алматы облыстық сотының судьясы Лукмат Мерекеновтың айтуынша, айыпталушыларға қатысты ақтық шешім 31 тамызда шығарылады.