"Мен тием! Жасына қарамаймын": Анара Батырхан Шакрух Ханға ессіз ғашық екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен тием! Жасына қарамаймын": Анара Батырхан Шакрух Ханға ессіз ғашық екенін айтты

"Мен тием! Жасына қарамаймын": Анара Батырхан Шакрух Ханға ессіз ғашық екенін айтты

Бұған дейін болашақ күйеуіне қояр талабын айтып елді шулатқан  акртиса Анара Батырхан тағы да тосын пікірін жеткізді.

  • 23 Маусым 2023
  • 1178
Фото - Caravan.kz

Ол БазарLike арнасына берген сұхбатында Болливудтың танымал жұлдызы Шакрух Ханға ессіз ғашық екенін айтты, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Үнді актерна деген көзсіз махаббат үнді музыкасына деген қызығушылықтан пайда болған көрінеді. 

"Шахрух Ханға ғашық боп қалдым. Фильмін көрдім. Басым кетті. Мәдениетіне, әндеріне қызыға бастадым.Киімдері, неше түрлі сырға білезіктеріне қызықтырды. Бірақ қазір Шахрух Ханға деген махаббатымды кішкене бәсеңдеттім. Себебі маған тұрмысқа шығу керек. Кәдімгідей ессіз ғашық болдым", — деді ол.

Журналист "Сіз де танымал адамсыз ғой. Кім біледі сізге ұсыныс жасап жатса не істер едіңіз?" деген сауал тастады.


"Шахрух Хан ба? Әрине мен тием! Оған иә, ол қазір менің атаммен жасты, жасы үлкен. Бірақ Шакрухқа келгенде жасына да қарамаймын, ұлтына да қарамаймын" деді Анар Батырхан.