Мен үйленіп жатқанда, әке-шешем мені ұзатып жатқандай қатты қуанды - Дәулет Бижанов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен үйленіп жатқанда, әке-шешем мені ұзатып жатқандай қатты қуанды - Дәулет Бижанов

Мен үйленіп жатқанда, әке-шешем мені ұзатып жатқандай қатты қуанды - Дәулет Бижанов

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Дәулет Бижанов жасырын отау құрды. Тойға шетелден қонақтар келген.

  • 3 Маусым 2021
  • 1047
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Жаратушының сыйлығы. Қабыл алдық. 70-ке таяған әке-шешем тойда жылап жүрді. Ауыл тойын жасадық", дейді әзілкеш. 

Дәулет Бижанов 19 жасар Маржан есімді аруды таңдаған. Әзілкеш жарының өзінен 10 жас кіші болу себебі, қартайғанда "өзіме қарайды" деп шешкен. 

"Өзіміздің көрші аудан Жетісайдың қызы. Анамның өзге өңірге қырын қарау жоқ біздің отбасыда. Таныстығымыз әлеуметтік желі арқылы болды. Мен оған әлеуметтік желі арқылы жаздым. "Сәлем" дедім. Бірақ ол қыз бір айдан кейін жауап берді. "Сіз менен үлкен екенсіз, сөйлесе алмаймын" деді. Мен өзімнің он жыл бұрын туғаныма, ол он жыл кейін туғанынан кінәлі емес шығармыз деп жаздым. Солай әңгімеміз жарасты. Әзіл көп жерде көмектеседі ғой…", деп таныстықтың қалай өрбігененін баяндап берді әзілкеш.