«Мен және менің полицейім» іс-шарасы өтті - ШҚО
![]() |
Шығыс Қазақстан облысында Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен «Мен және менің полицейім» атты іс-шара болып өтті. Акцияның мақсаты – балаларды, олар арқылы ересектерді тәртіп сақшыларының қызметімен таныстыру, сондай-ақ балалардың қоғамдық орындарда және жолдарда жүріс-тұрыстың кейбір негізгі ережелерімен таныстыру болып табылады. |
Шара барысында мектеп инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, қаладағы бірқатар мектептер мен «Үміт» балалар үйінде болды. Онда сынып оқушылары қатыстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге Жол полиция басқармасының жылжымалы техникалық лабораториясының құрал-жабдықтары мен қызметі таныстырылды.
Сонымен қатар шараға қатысушы балалар Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығының жұмыс барысымен танысты. Шара соңында мектеп оқушылары тәртіп сақшыларымен бірге естелік суреттерге түсті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін