Шара барысында мектеп инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, қаладағы бірқатар мектептер мен «Үміт» балалар үйінде болды. Онда сынып оқушылары қатыстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге Жол полиция басқармасының жылжымалы техникалық лабораториясының құрал-жабдықтары мен қызметі таныстырылды.
Сонымен қатар шараға қатысушы балалар Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығының жұмыс барысымен танысты. Шара соңында мектеп оқушылары тәртіп сақшыларымен бірге естелік суреттерге түсті.