"Мен жазда өлем": Дариға Бадықова ешкімге айтпаған жан сырымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен жазда өлем": Дариға Бадықова ешкімге айтпаған жан сырымен бөлісті

"Мен жазда өлем": Дариға Бадықова ешкімге айтпаған жан сырымен бөлісті

Көпшілікке танымал актриса Дариға Бадықова ешкімге айтпаған жан сырымен бөлісті.

  • 21 Қаңтар 2021
  • 5597
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Актриса желідегі парақшасында көпшілікке айтпаған сырын ақтарды. 

"Екі-үш күн болды папам есіме түсіп жүр. Айтқан сөздері ойыма орала береді… Мамам екеуі қалжыңдасып отырғанда айтатын: “Әй, осыдан көр де тұр, мен өлгенде артымнан адам көөөөөөп келеді. Жаназама жиналған адамнан-ақ байқайсың менің қандай адам екенімді” — дейтін. Айтқанындай-ақ, ауыл-ауылдан жиналған жұртты сыйдыра алмадық.

Маған айтып отыратын папам: “Дариға, мен жазда өлем. Сендерге салмақ салмаймын. Қыстыгүні өлсем, мына үйге адамдарды сыйдыра алмай әбігерге қаласыңдар. Құдаларды қайда отырғызасыңдар!? Келімді-кетімді адам бар” — дейтін. Біздің үй бөлмелері кішкентай-кішкентай баяғы немістің үйі ғой. Соған уайымдағаны сыймайды деп. Өзі айтқандай, жаздыгүні шіліңгір шілдеде кетті…

“Мен өлген кезде адам көп жиналады. Дариға, жылқы сой. Сиыр деген дым болмайды. Не болады ол?! Сосын ертең ооой, тегі, сонша мақтап жүрген қызы осы ма деп айтады ел” — дейтін маған. Мен елегім келмейді әңгімесін. “Түуу, папа, қай-қайдағы жаман нәрселерді айтпай отыршы” — деймін. Артын қалжыңға айналдырады… Айтқанын істеп, жылқы сойдық.

Әкем өлгенде осы айтқан сөздерінің бәрі құлағыма кеп, көз алдымнан пленка сияқты өтті. “Менің басыма мынаааандай ғып алтын күмбез қоймай-ақ қойыңдар. Әйтеуір ырымын етіп қоршап, басыма тас қойсаңдар болды ғой” — деген әңгімесін қатты ойладым. Қайтыс болғаннан соң, үш күн бойы ұйықтай алмай, мал басып кете ме деп уайымдап… Үш күннен соң өзі айтқандай ғып қоршап, басына тас орнаттық.

Қазір ойлап отырсам, бұл да бір тәрбие екен ғой. Қалжыңдап отырып, ақырын отырып айтса да, мидан шықпайтындай етіп айтқан екен. Ойда қалады екен… “Бір әке берген тәрбиені 100 мектеп бере алмайды” деген нақыл да бекер қалмаған-ау. Қалай ойлайсыз?

Осылай ой-толғауларымды жазып жүретін әдетім бар. Менде айтып қоям, жасым жетіп кеткенімде артымнан кітап шығарыңдар деген дәмем жоқ емес. Мынау шимайым да сол кітапқа ілінер бір беттен… Әркім өзіне керек ойды түйер", деп жазды желідегі парақшасында.