Менделеев кестесіне «Қазақстаний» жаңа химиялық элемент кіруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 522.19
  • 606.42
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менделеев кестесіне «Қазақстаний» жаңа химиялық элемент кіруі мүмкін

Менделеев кестесіне «Қазақстаний» жаңа химиялық элемент кіруі мүмкін

Алдағы уақытта біз Дубнадағы Біріккен ядролық институтымен бірлесе отырып, қазіргі заманның ең озық үдемелі орталығын құруды жоспарлап отырмыз.

  • 28 Қыркүйек 2010
  • 2268
Фото - Caravan.kz

Оның негізінде Менделеевтің кестесіне жаңа химиялық элементтерді енгізуге болады. Бүгін Еуразия ұлттық университетінде басталған жоғары энергия және үдемелі физика бойынша халықаралық оқыту курстары аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Ядролық физика институтының директоры Әділ Түлеуішев осылай айтты.

«Жалпы, Менделеев құрастырып кеткен химиялық элементтердің кестесін ғылымның эталоны десек болады. Бұл қатып қалған заңдылық емес. Аталған кесте күн өткен сайын жетілдіріліп отырады. Қазіргі кезде біз де осы жұмысқа өз үлесімізді қосып, Менделеев кестесіне тағы бір элементті қосуға ниетті болып отырмыз. Оның атын «Қазақстаний» немесе «Астаний» деп қоюға болады. Ондай бастаманы жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Ол үшін табиғатта жаңа химиялық элементті табу керек, я болмаса ол элементті қолдан жасап шығару қажет», — дейді Ә. Түлеуішев.

Перейти к новостям спорта