Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының Монакодағы жекпе-жегінің форматы жайлы айтып берді.
Мұның алдында Matchroom промоутерлік компаниясы Елеусіновтің келесі қарсыласы никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО) болатынын ресми мәлімдеген.
"Даниярдың Монакодағы жекпе-жегі сегіз раундтық болады," — дейді Алиев кездесу форматы жайлы.
Айта кетейік, Елеусіновтің мұның алдындағы төрт жекпе-жегі алты раундтық ережемен өткен. Қазақстандық боксшы АҚШ пен Ұлыбританияда екі реттен жұдырықтасқан.