Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Amre лақап атымен танылған танымал әнші Ернар Садырбаев мемлекеттік атақ алмағанын айтып жазба жариялады. Ол 30 жасына дейін “Еңбек сіңірген қайраткері” атағын алу арманына биыл да жете алмаған.
“Менен басқасының барлығы Мемлекеттік звание алған сияқты ма? Мен 30 жасыма дейін “Еңбек сіңірген қайраткерін” алу мақсатым болған. Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты… Һайыр! Еш реніш емес, 30-жасыма дейін аламын — деген пенделік арманым болған, 30-дан кейінге қалды енді бұйыртса. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын”, — деп жазды ол.
Өнер иесінің бұл өкпесіне қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оның атақсыз-ақ халықтың сүйіктісі екенін айтса, тағы бірі атақ алуға асықпауға кеңес берді.
”Жасың енді 30-ға келіпті. Әлі-ақ алып үлгересің. Асықпа”, “Сізді сүйіп тыңдаймыз, халықтың ыстық ықыласы барлық марапаттан биік”, “Сен түгілі Мақпал Жүнісовада алған жоқ қой”, “Негізі осы әртіс нағыз лайық адам. Қаншама конкурстарға барған”, “Алишер емес, осы алу керек еді”, — деп жазды олар.