«Менен кінә жоқ, өзі қысқа киді, зорлай салдым»: Қазақ қыздарын «малға» теңеген танымал блогердің басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Менен кінә жоқ, өзі қысқа киді, зорлай салдым»: Қазақ қыздарын «малға» теңеген танымал блогердің басы бәлеге қалды

«Менен кінә жоқ, өзі қысқа киді, зорлай салдым»: Қазақ қыздарын «малға» теңеген танымал блогердің басы бәлеге қалды

Белгілі блогер, журналист Өркен Кенжебек жергілікті телеарналардың біріне сұхбат беріп, онда қазақ қоғамындағы қыздардың орны жайлы ащы шындықты айтты.

  • 17 Қараша 2023
  • 3523
Фото - Caravan.kz

Оның сөзінше, қазақ халқында қыздарды малдан да төмен санаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын ол бағдарлама барысында айтқан.

«Үндістанда мысалы білесіздер, сиыр қасиетті жануар. Сиырды біреу байқаусыздар өлтіріп қойса, оған 7 жыл беріледі екен. Ал енді Гуджарат деген штатында тіпті өмір бақи түрме жазасын береді. Бірақ қыз зорласаң, 3-4 жылға кетесің. Сонда адамның құнынан сиыр жоғары болып тұр. Сосын мен былай салыстырам, бізде қазақ қоғамында шыны керек, қыздан жылқы қадірлілек. Бізде сүрінген атты ұрмайды, жылқышының құрығының үстінен аттамайды. Бізде тіпті «бақан аттаған жарымайды» деген мақал бар. Ал қызды ұрған жарымайды деген мақал естімеппін.

Қазақ қанша дана дегенмен, біздің ұлттық парадигманы да сәл қарау керек деп ойлаймын. «Қатынды бастан, баланы жастан» дегеннің бәрі содан шығады. «Бала белде, қатын жолда» деген мақал-мәтелдер әу баста дұрыс шыққан шығар, семантикасы, бірақ қазіргі кезде абьюзер дейміз, жалпы санасы төмен еркектер осыны өзіне қару ретінде қолданады. Немесе қыздың өзі ыңғай бердім, зорламайтын едім дегендей. Немесе мини юбка киіп алыпты, қайтем деген секілді. Мұны қазір виктимблейминг дейді, яғни жәбірленушінің өзін кінәлайды. Менен кінә жоқ, өзі миымды ашытты, сосын ұра салдым, өзі қысқа киіп келді, сосын зорлай салдым деген секілді. Яғни, қоғам болып осындай әрекеттерге бізге теріс істемесек, бұл жалғаса береді», — дейді блогер.

Блогердің бұл пікіріне қатысты ойын көпшілік әр түрлі қабылдаған.

«Мал құрлы қадір-қасиеті болмай тұр ғой», «Келісемін», «Қазақ айтса қалып айтпайды», «Зерттеп қарасақ әйелді құрметтеуге қатысты мақал, мәтел көп. Тек оны қолданбаймыз да. Бұл ситуацияда малмен әйелді салыстыру әсте оларды тіпті малмен теңестірумен тең деп айтуға болады. Қашанғы әйелді мал санатымен салыстырамыз? Бірінші кезекте адам ретінде қарау керек шығар», «Бұрмаламасын, қыз бен малға мақал-мәтелге қатысты аналогиясы тіпті қисынсыз. Қызға қатысты мақал-мәтел, қисса, аңыз әңгіме мен әпсана көп: Қорқыттың көрі- қанша қашса да қарақұрттың шағуы туралы әпсана, Мұқанбет пайғамбардың миғраж сапарында Қауа анаға сәлем беруі туралы қисса, түрлі мақал-мәтелдер, қыз туралы, Қарашаш пен Жиренше туралы әңгімелер және т.б қыздың/әйелдің ерекше статусын айқындайды. Өркен оттай бермесін!», деп жазды олар.