"Мені Алтынбек Қоразбаев жұмыстан шығарып жіберді" Биші Перизат Омарбекова не үшін қудалауға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені Алтынбек Қоразбаев жұмыстан шығарып жіберді" Биші Перизат Омарбекова не үшін қудалауға ұшырады

"Мені Алтынбек Қоразбаев жұмыстан шығарып жіберді" Биші Перизат Омарбекова не үшін қудалауға ұшырады

Қазақ елінің биін 30-дан астам елге барып дәріптеп жүрген Перизат Омарбекова кімге өкпелі?!

  • 9 Қараша 2020
  • 2793
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Перизат Омарбекова өзінің Facebook-тағы жеке парақшасында былай деп жазба қалдырды.

"МӘДЕНИЕТІМІЗДІ КІМДЕР БАСҚАРЫП ОТЫР?
Әңгіме, өзім 19ж,4ай қызмет еткен "Қазақконцерт" жайлы. Қысқаша айта кетейін… Мені осыдан 4 жыл бұрын Алтынбек Қоразбаев ағамыз жұмыстан шығарып жіберді. Еш себепсіз. Менің екінші жеке концертімнен соң ол кісі мені құртуға шындап кірісті. Оған дейін үлкен концерттерге шығармай ұстады. Мысалыға, Шара Жиенқұлованың 100 жылдық кешіне ,келіп "Алтынайды" билеп беріңіз деп мені Астанадан шақыртса да жібермей қойды. Тіпті шетелдің де талайынан қағылып қалдым. "Барсаң, жұмыстан шығасың!,- деп кесіп айқан кезі болды Италияға жібермей, ол адамдар мені одан кейін шет ел сапарларына алмай қойды …
"Қазақконцерт" Астанаға көшті, басшылыққа басқа адам келді. Араға жарты жыл салып, сол кездегі директор орынбасары Ерлан Дакенов ағамыз телефон шалып, "Перизат біз сізді жұмысқа алайын деп едік, бізге биші керек. Ол бір, сосын, біз сізді Прагаға жіберсек барасызба? Қазақ биі керек,"- деген соң қуаныштан жүрегім жарылардай болып, өз орныма қайта кіріп, Прага барып, қазақ биінің тағы бір мәрте жалауын желбіретіп келдім. "Казахстанские артисты покорили Прагу!," деп олардың, біздің пресса жарыса жазып жатты…. Ол жақтан келер -келмес, ол кісі бірнеше рет хабарласып, "Перизат, біз сізді "Қазақконцерттің" Алматыдағы филиалына ауыстырайық деп шештік, жұмыстан шығу туралы заявление жазып беріңізші, бірден ауыстырамыз,- деп бірнеше рет хабарласып, мәжбүрлеген соң, ойымда дым жоқ жазып бердім. Өзім Алматыда жүрмін ғой деп ойладым ғой бір шетінен.. Сомен, 1 жыл шамасында күттім. Алдағандарын қайдан білейін?… Күтіп әбден шаршаған соң Астанаға барып, сол кезде жаңа келіп жатқан басшы Асхат Маемиров ағамызға кіріп барып, жағдайымды әбден айттым. "Мені біресе шығарасыздар, біресе кіргізесіздер, өздеріңіз хабарласып қайта аласыздар, қайта шығарасыздар. ??? Шет елге қазақтың биі керек кезде шақырасыздар, сосын қайтадан далаға лақтырасыздар. Бұл қалай болғаны Асхат аға?,Мен қазақ биін 30 шақты рет шет елде асқақтатып, абыроймен оралдым, "ЮНЕСКО" сарайында француздар дүр етіп тұрып қол соққан биімнен кейін, өз елімде неге бағаланбаймын аға? Мен 5 жасымнан сахнадамын. Неге мен жұмыссыз далада қалдым?- деп едім ол кісі дипломат адам ғой, бір сөзге келмей жұмысқа ,өз орныма қайта кіргізді де, ал енді жеке концертіңізге дайындалыңыз Перизат, концертіңіздің концепциясын жасай беріңіз, — деді. Шыны керек, Асхат ағамен сөйлесіп шыққан соң бір жылап алдым сыртқа шыққанда… Концертке дайындығым басталып кетті. Сосын, көп кешікпей, басшылыққа Жеңіс Седолла ағамыз келді. Алматыда кездестіргенімде "Ия Перизат концертіңізге дайындала беріңіз, жасаймыз. Маған келесі жылдың февраль айында келіңіз, сөйлесеміз концертіңіз жайлы,- деді, октябрь айында. Бишіге концерт беру оңай тірлік емес қой, барлық билерімді дайындап, күнде қара тер болып шынығып, іштей дайындықта жүргенімде желтоқсанда жұмыстан шыққаным жайлы хат келіп тұр үйге. Төбемнен жай түскендей болды! Қандай күйде болғаным бір Аллаға аян сол кезде… Сөйтсем, договорыңыз аяқталды дейді. Мен неге договормен істеп жүрмін? Менің өз орным қайда ? Договормен істейтін мен зейнеткер немесе, жалдамалы жұмысшы емеспін ғой? Жарайды дейік, бірақ мен жеке концертке дайындықта жүрген солист-биші емеспін бе? "Қазақконцерттегі" еңбегім қайда? Бала секілді жынды етіп алдағандары не деген сұраққа , менің өнердегі өмірімнің соншалықты түкке тұрғысыз болғаныма деп ойланамын. ? Бұл бір адамның тағдыры емес пе?! Мұндай бассыздыққа кім жауап береді? Сол кезде Астанаға барғанымда Жеңіс ағамыздың айтқан жауабы: "Алтынбек аға сізді концерттерге шықпай жүр" , — деді ғой дейді! Желдің қай жақтан тұрғаны белгілі ғой. "Зейнеттегі композитор ағамыздың менің өмірімде шаруасы қанша? Бұл жердің бастығы сіз бе, кім??? Ол кісі мені өзі шығармай тастап, шықпай жүр ғой дегені несі??? Менде жалпы, шаруасы қанша ол кісінің??? Сонда біз өсекпен жүретін болғанымыз ба? ,- дедім. .. Сұрақ көп. Жауап жоқ. Сомен, соңғы жауаптары: "Концертіңізді жасап береміз, сәл күтіңіз, орын босаса жұмысқа аламыз,- деп шығарып салды.
Күтіп, шаршадым. Үндемей де шаршадым бүгінде, бұл мәселені ашық айтуды бел буған себебім мынау: кеше "Қазақконцерт" тарихты қозғап, 60-жылдық юбилей жасап жатыр, менің атым да затым да жоқ. Бағыда жұмыс жасаған администраторға дейін іздепті, біз неге жоқпыз? Мен әлі де сахнадан түскен жоқпын емеспе, мені ұмытатындай соло-биші көп пе еді?… "Қазақконцертте" соңғы 20 жыл бишілік қызмет атқарған мен ғана ғой? Мен қалай ұмыт қаламын??? Біз дегенім мен ғана емес, "Қазақконцерттің" отымен кіріп, күлімен шыққан талай өнер майталмандарының заты тұрмақ аты да жоқ жарнамада… Бұл еліміздің көрнекті өнер ордасы саналатын "Қазақконцертте" талай адам тер төккен. Кешегі концертте еш қатысы жоқ адамдар өнер көрсетуде. ? Неге?
Біз өзімізді дамып жатқан зайырлы мемлекеттер қатарындамыз дейміз, бірақ, бүгінде мәдениетімізді кімдер басқарып отыр? Жалпы айтқанда , мен үшін "Қазақконцерт" алынған қамал, кезінде асқар таудай алынбайтын шың секілді болған, қазір ол мен үшін төбешік. Сондай сезімдемін. 19ж , 4 ай қызмет еттім, бишілердің зейнет уақыты 20 жылға да жеткізбеді…
Бұл мәселені жазуыма, айтуыма себеп болған басты жағдай, менің өнердегі өміріме жазықсыз балта шабылып жатқаны әсіресе анама қиын болды, кешегі концертте "қызың қайда?", "Қазақконцеттің" жалғыз бишісі Перизат емеспе еді, концертте неге жоқ?"- деп сұрағандарға не айтарын білмеген анам ауырып қалыпты. Бұл мәселені мен жай қалдырмауды шештім. Әлі де айтылады…
Бұл адамдарды өнердің шын жанашыры деп қалай айтуға болады…
Жалпы, еліміздің мәдениеті қай деңгейде қазір ? ….
__________
Өз сөзінде ол кісі маған "ағатай" деп келмеді деп айтыпты. Мен сол кезде барғанмын. "Мен неге жұмыстан шығып, шеттетіліп қалдым? Өз орныма қайтып келейінші аға?" ,-деп өтініш айтқан болатынмын. Мені танымайтын адамдай дөрекі жауап берді… Сол кезде ұмытпасам, кабинетінде Жүрсін Ерманов ағамыз отырған.
Жалпы, "мен неге концертке шықпаймын" деген сияқты өтініштермен жалынып, ешқашан, ешкімнің алдына барған емеспін…" —
деп сөзін аяқтады…


Желі қолданушылары: "Перизат сізді қолдаймыз", "Перизат сіз мықтысыз","таланттысыз ғой неге бағаламайды" — деген пікірлер жазды.