"Мені ешкім ұстаған жоқ": Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені ешкім ұстаған жоқ": Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

"Мені ешкім ұстаған жоқ": Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов өзінің ұсталғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін мәлімдеме жасады.

  • 2 Наурыз 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы stan.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

"Мен, Мамунов Руслан Маратұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға қатысты мынаны  мәлімдеймін: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және "Ақтөбе" ӘКК басшысы лауазымындағы менің қызметіме қатысты қандай да бір тергеу іс-шараларын өткізіп жатқан жоқ", деп жазды шенеунік өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол өзінің төрт жыл бұрынғы оқиға қатысты куәгер екенін атап өтті.

"Мені ешкім ұстаған жоқ, мен жұмыстарыммен Нұр-Сұлтан қаласында жүрмін, менің бостандығыма қатысты ешқандай шектеулер жоқ", — деді  Руслан Мамунов.


Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары өзінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жарияланымдарға тоқталып, істің шынайылығы мен дұрыстығын тексермей, осы ақпаратты жариялап, таратқандарға қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Шенеунікті пара алған жерінде полиция қызметкерлері қолға түсірді деп хабарланған.