«Мені көргенде жындары қозып шығады»: Әйелден жын шығарған атышулы «Сюцай» өкілдері тағы да елді шулатты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мені көргенде жындары қозып шығады»: Әйелден жын шығарған атышулы «Сюцай» өкілдері тағы да елді шулатты (ВИДЕО)

«Мені көргенде жындары қозып шығады»: Әйелден жын шығарған атышулы «Сюцай» өкілдері тағы да елді шулатты (ВИДЕО)

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай «Сюцай» өкілдеріне қатысты тағы бір сұмдық жайтпен бөлісті. Аталған ағым өкілдері енді елден жын шығаратындарын мәлім еткен, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа-порталы.

  • 3 Шiлде 2023
  • 136
Фото - Caravan.kz

Гүлмира Әбіқайдың сөзінше күн сайын елімізде түрлі сұмдық жағдайлар орын алатын болған.

«Сюцай, енді жын шығаруға көшкен бе? Бұл не тағы? Елімізде әр күні бір сұмдық», — деп жазды ол.

Ал видеодағы ер адамның: «Мені көргенде жындары қозып шығады. Сол кезда адамның жүрегі қысады, талады, келеді де, оқиды да кетеді», — дегенін анық көруге болады.

Көпшілік мұндай жат ағым өкілдері мен елді адастырып жүргендер көп екенін мойындаған.

«Иә, дұрыс айтасыз, аңқау елге арамза молда деген осы шығар», «Ұят екен, осындайға дардай адамдардың сеніп отырғаны», «Не деген бассыздық осыған сеніп отырғандар» деп жазды олар.