"Мені мұсылмандар көрсе өлтіретін шығар": Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы анасын алдағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені мұсылмандар көрсе өлтіретін шығар": Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы анасын алдағанын айтты

"Мені мұсылмандар көрсе өлтіретін шығар": Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы анасын алдағанын айтты

Индонезия азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмір сүру салтын көрсетті.

  • 7 Қараша
  • 47
Фото: Видеодан алынған кадр

«Жалғыз Жолаушы» You Tube арнасының кезекті шығарылымы Балиде өмір сүретін және сол жақтың азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына арналған , деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Индонезия азаматына тұрмысқа шыққан Гүзәл есімді қазақ қызы күйеуімен қалай танысқанын баяндап берген.

«Қазір мені мұсылмандар көрсе өлтіреді мені. Негізі тату студияда танысқанбыз. Қай елге барсам, сол елден татуировка жасататынмын. Күйеуім тату мастер болатын, солай таныстық. Анам дін жолындағы адам болғаннан кейін татуировкаларымды ұнатпайтын және түсінбейтін. Уақытша тұрады деп анамды алдайтынмын. Күйеуім анаммен танысқанда қазақша амандасты. Анама бірден ұнады. Жігітім болашағымды сіздің қызыңызбен көріп отырмын деп анамнан менің қолымды сұрап, алдынан өтті. Солай барлығы қазақша болды «, — дейді Гүзәл.

Гүзәл күйеуінің ешқашан қол көтермейтінін де мақтанышпен айтқан.

«Менің қалай сөйлейтінімде, не киетінімде жұмысы жоқ. Күйеуім маған ешқашан қол көтермеген. Егер мен әйелге қол көтерсем, менің де әйел болғаным деп айтады. Қол жұмсауды әлсіздік деп санайды. Менің отбасыма ақша жіберіп, көмектесіп тұрады. Жұмыстан кейін қыздармен қыдырамын десем, түсінеді, жібереді», — дейді ол.