"Мені пышақтап кеткенде де Зәкең үшін арыз жазбап едім": Мақпал Жүнісова Құралай Нұрқаділова туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені пышақтап кеткенде де Зәкең үшін арыз жазбап едім": Мақпал Жүнісова Құралай Нұрқаділова туралы

"Мені пышақтап кеткенде де Зәкең үшін арыз жазбап едім": Мақпал Жүнісова Құралай Нұрқаділова туралы

Мақпал Жүнісова бұған дейін айтылмаған жан сырын айтты.

  • 9 Желтоқсан
  • 134
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Кететін еркек кетті ме, оны ешкім қайтара алмайды. Ол кісінің есігін қағып, мен сізге тұрмысқа шығамын деп айтқан жоқпын. Мен ол кісіні жақсы да көрген жоқпын. Мен ол кісіге ғашық болмаған адаммын. Ол маған ғашық болып, өзінің дегенін, қалауын жасады, сені шешең берсе де, бермесе де аламын деді. Қолында билігі, артында біз қорқатын адамдар болады. Біз ол кісіден басында қорықтық, 1-2 жылдан кейін ғана сыйластық келді. Ол орнынан түсіп қалған кезде кетіп қалсам, менде де намыс бар. Қазір кетіп қалсам, халық не айтады, бастық болғанда Мақпал қатыны болып еді, орнынан түсіп қалғанда қашып кетіпті деген әңгіме тарайды ғой. Құрысын қиын кезде қасында болайын дедім. Ол кісі бай да адам емес. Екі қатын алған жалғыз Зәкең бе екен. Он қатын алып жатқандар да бар ғой. Мен ол кісіні ұстағым келсе, бірден ЗАГС-ке сүйрейтін едім. Жеті жыл азаматтық некеде тұрдық», — дейді ол.

Мақпал Жүнісова өзін Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділова пышақтап кеткенін де жасырмады.

«Зәкеңнің бірінші отбасындағы балалары Мерей мектеп бітіргенше бір келіп, маңдайынан иіскемеген адамдар. Оқуға түскенде де құттықтамады. Бізбен жауласты, әкесін мен өлтірді деп жала жапты. Содан кейін ана жақтағы қыз мен Мақпалмен өлсем де араласпаймын, Мереймен араласуға болады деп сұхбат беріп отыр. Мерейдің телефонын Қоразбаев ағайдан алып, хабарласып, мазасын ала бастады. Содан кейін шындықты айтуға тура келді. Ол қыз маған қиянат жасады, пышақ салды. Маған пышақ салған адам менің қызымды керемет қылады деп отырсың ба. Құралай концерттің алдында маған пышақ салған. Республика сарайының жанында пышақтап кеткен. Содан милиция келді. Ол уақытта мен концерт беріп жатырмын. Концерттен кейін, түнде Зәкеңнің көмекшісінен маған хат келді. Президентке дейін жетіпті, арызға менің қызым деп жазбасыншы деген Зәкеңнің өтініш хаты келді. Сол кезде мен оның қызы емес деп жазып бердім», — дейді ол.