"Мені шешеден боқтаған Абзал Құспанның Мәжілістен шығарылуын талап етемін" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені шешеден боқтаған Абзал Құспанның Мәжілістен шығарылуын талап етемін" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Мені шешеден боқтаған Абзал Құспанның Мәжілістен шығарылуын талап етемін" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Мәжіліс депутаты Абзал Құспанды мәжілістен шығаруды талап етті.

  • 29 Мамыр
  • 68
The Qazaq Times

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бала мұғалімді боқтады, — өзіне лайықты жазасын алады. Оған қам жемеңдер.

Ал мені боқтаған дап-дардай екі адамды не істейміз? Біреуі — мені шешеден боқтаған депутатсымақ Құспан. Бүгін, өзінше, қыздарымызды, қарындастарымызды қорғайық деп заң шығарып жатыр дей ме? Тағы да бір жерімнің күлкісі келді.

Боқтағаны үшін бала мектептен шығарылса, ендеше, боқтағаны үшін ересектер де жұмыстан шығарылсын! Мені шешеден боқтаған Абзал Құспанның Мәжілістен шығарылуын талап етемін! Әлде балаға болмайды, үлкендерге болады деген заң бар ма? Екіжүзділік, «двойной стандарт» жойылсын!», — деп жазды журналист.