Мені тез арада бапкерлер штабына алу керек - Ермахан Ибраимов боксшылардың жеңілісінен соң - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мені тез арада бапкерлер штабына алу керек - Ермахан Ибраимов боксшылардың жеңілісінен соң

Мені тез арада бапкерлер штабына алу керек - Ермахан Ибраимов боксшылардың жеңілісінен соң

Бокстан ұлттық құрама мүшелерінің жеңілісіне қатысты Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан ЫБРАЙЫМОВ пікір білдірді.

  • 28 Шiлде 2021
  • 965
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Мalim.kz-ке  сілтеме жасап хабарлайды.

«Жекпе-жектерді көрдім. Бәрін бақылап отырмын. Еш нәрсе айтқым келмейді. Мені шұғыл түрде бапкерлер штабына қосу керек. Бас бапкерлікті айтып отырғаным жоқ. Екінші бапкер ретінде алу керек. Сонда мен ұлттық құрамадағы проблеманы шеше аламын», — деді Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Ермахан САҒИҰЛЫ.

Естеріңізге сала кетейік, алтынан басты үміткер Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ бүгін алғашқы кездесуінде ресейлік Имам ХАТАЕВТАН 4-1 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ, олимпиада жүлдегері болуы мүмкін деген Рио олимпиадасының вице-чемпионы Василий ЛЕВИТ те жарыс жолынан шығып қалған. Абылайхан ЖҮСІПОВ пен Серік ТЕМІРЖАНОВ та жарыс жолынан ерте шығып қалды. Бокс сарапшылары мен жанкүйерлер Токио олимпиадасы боксшыларымыз үшін ең сәтсіз дода болғалы тұр дейді.