Ол жазда болатын тойларға қатысу санын қысқартуға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Айтуынша, тойға бару — қаржылай тұрғыдан үлкен салмақ.
«Маған тойға шақыру жібермей-ақ қойыңыздаршы. Себебі менде ондай ақша жоқ. Апта сайын кем дегенде бір тойға шақыру сілтемесі келеді. Қазірдің өзінде оннан асып кетті. Әлі жаз басталған да жоқ қой… Ал жазда не болмақ?” Ол кейбір тойларға баруға тырысатынын, жас жұбайлардың қуанышына шын жүректен қуанатынын айтты.
Әр той — қонақ үшін қыруар шығын: жол ақысы, баспана, сыйлық, киім-кешек. Әсіресе той басқа қалада өтетін болса, бұл шығындар еселене түседі.
Құрбыларым да дәл осындай қиындықтарға тап болады.
Жаз — той маусымы. Жыл сайын барамын. Сыйлыққа кететін сома туыстық қатынасқа, шара форматына байланысты. Бірақ бірінен соң бірі шақыра берсе, қалта көтермейді», — деп налыды бойжеткен.