Отағасымен көңіл жарастырмай, екі жаққа кеткен Мөлдір Әуелбекова тағы бір мәрте тұрмысқа шығуды армандайды. Өнер иесі бүгінде бір ұлдың анасы. Алайда, ұлын қабылдай алатын адам болса, отбасын құрудан кетәрі емес екенін жеткізді ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Жай ғана арман ғой. Әр адам бақытты болуға лайық деп ойлаймын. Әсіресе, қыз-келіншектер. Өзімде де үміт бар. Егер мені түсінетін, өнерімді бағалайтын, баламды қабыл алатын, мейірімді жан болса, тұрмысқа шығар едім. Мені баламмен қабылдаса болғаны", — деп ағынан жарылды өнер иесі.
Сонымен қатар, әнші өмірлік жарыңды таңдаған кезде неге мән беру керек екенін айтты. Қазақтың сөзін мысалға келтірген өнер иесі жүректің де жағдайын ойлау керек екенін жасырмады.
"Тектіге қыз бер, тектіден қыз ал" деген сөз бар қазақта. Оның ата-анасы кім, арғы тегі қандай, білімі қандай соған да қарау керек екен. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді", — дейді Мөлдір Әуелбекова.