Кеш барысында Төреғалидің тыңдармандары әншіге өнер көрсетуге мұрсат бермеді. Ол ән шырқап болған бойда көпшілік сахнаға қарай ағылып, әншімен суретке түсіп, қолтаңба беруін сұрады.
Өз кезегінде Төреәлінің ұлы өзін ашуландыруға болмайтынын айтып әзілдеді.
«Бір-бірімізді сыйлайық. Әр жердің өз мәдениетін сақтауға тырысайық. Болмаса менің ашуымды білесіздер», – дейді Төреш.
Шымкент тұрғындары әншіні құшақ жайып, жылы қарсы алды. Өз кезегінде әнші оларға алғыс білдірді.
«Шымкент жаныма жақын. Біздің көрермендер мейірімді әрі көңілді. Бұл жерде мені әрқашан жақсы қарсы алады», – дейді әнші.