Менің басты мақсатым - өзім сияқтылардың ядролық сынақтардан зардап шеккен соңғы адамдар болуы үшін қолдан келгенді жасау - АТОМ жобасының Құрметті елшісі К.Күйіков - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менің басты мақсатым - өзім сияқтылардың ядролық сынақтардан зардап шеккен соңғы адамдар болуы үшін қолдан келгенді жасау - АТОМ жобасының Құрметті елшісі К.Күйіков

Менің басты мақсатым - өзім сияқтылардың ядролық сынақтардан зардап шеккен соңғы адамдар болуы үшін қолдан келгенді жасау - АТОМ жобасының Құрметті елшісі К.Күйіков

«Менің жер бетіндегі басты мақсатым - өзім сияқтылардың ядролық сынақтардан зардап шеккен соңғы адамдар болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасау», - деді АТОМ жобасының Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков.

  • 30 Қазан 2012
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Әзірге жүрегім соғып тұрғанда, бойымдағы күш-қайратым барда мен адамзатты Жер шарында бейбітшілікті сақтауға шақырамын», — деді К.Күйіков Гаагадағы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымында өткен АТОМ жобасының тұсаукесерінде.

Ол тілегі бір бейбітшілікті қалайтын миллиондаған жанның бір адамның дауысын ести алатын уақытта өмір сүре алғанына бақытты екенін айтады. «Біздің дауыстарымыз бір дауыс бола алады! Барлығымыз бір адам сияқты ядролық қаруды жою үшін шыға аламыз», — деп атап өтті Құрметті елші.

Ядролық сынақтардың салдарынан туғаннан мүгедек болған К.Күйіков өмірлік тәжірибенің оған барлық әлемге Семей полигонының тарихы туралы баяндауға және әлемдік көшбасшыларға ядролық қарудан бас тарту кезі келгенін айтуға шабыттандырғанын атап өтті. «Қарапайым адам болсам да, бір адамның терең сенімі өзінің артынан миллиондарды әлемді өзгерту үшін ерте алатынына кәміл сенемін», — деп атап өтті ол.

АТОМ жобасының Құрметті елшісі барлық жиналғандары ядролық жарылыстардан еркін болашақты салуда белсенді болуға шақырды. «Ол үшін АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойып, тарихта өзіндік іс қалдырудан бастау керек», — деді ол.

Соңында талантты суретші және ядролық сынақтардың белсенді қарсыласы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының бүкіл залын дүр сілкіндірген тамаша сөздерді айтты. «Мен сіздерді құшақтап, алғысымды білдіретін қолым жоқ, бірақ менде жүрек бар, ол сіздердікі. Отбасыларыңызда бейбітшілік пен тыныштық болсын», — деді К.Күйіков.

Соңғы жаңалықтар