Менің де ұшқыш болғым келеді - ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұлы Әмір - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менің де ұшқыш болғым келеді - ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұлы Әмір

Менің де ұшқыш болғым келеді - ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұлы Әмір

Жезқазған даласына қонған ғарышкерлерді күтіп алушылардың қатарында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұлы Әмір де болған еді. Айта кетерлігі, ұшуға бір ай уақыт қалғанда біз Айымбетовтердің отбасында болып, әңгіме-дүкен құрған едік. Ал бұл кезде ғарышкердің өзі болса Жұлдызды қалашықта дайындықтан өтіп жатқан болатын, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі Сара Нұрғалиева.

  • 13 Қыркүйек 2015
  • 1505
Фото - Caravan.kz

Айдынның жұбайы — Лилия Байқоңыр қаласының тумасы. Ол Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласында дүниеге келіп, сонда орта мектепті бітірген және содан кейін отбасымен бірге Талдықорған қаласына көшіп келген.

«Бірақ, біз Байқоңырда кездескен жоқпыз, — деп күледі Лилия. — Талдықорғанда біз Айдынның отбасымен көрші тұрдық, сол кезде танысқан болатынбыз. Әкем әскери бөлімде жұмыс істеді, ал Айдын Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін бітіргеннен кейін сонда әскер борышын өтеп жүрген еді. Байқоңырда тұрған кезімде мен жолдасымның ұшқыш не ғарышкер болғанын армандаған едім. Бірақ, оның дәл осылай шынайы өмірде аса қоятынын ойламаппын. Мен тағдырыма және қолдау көрсеткен Алла тағалаға шексіз ризамын».

Айымбетовтер отбасының үлкені Әмір 17 жаста. Ол елордадағы №53 мектепте 11 сыныпта оқиды. Әмір әкесіне тартқан. Әсіресе, оның сөйлеу мәнері қатты ұқсайды.

Жоғары сынып оқушысының бөлмесінің бір қабырғасы толығымен көк әлеміне арналған. «Мен де әкем сияқты ұшқыш болғым келеді. Ал ол үшін жақсы білім алып спортпен айналысу керектігін білемін», — деді Әмір. Айта кетерлігі, жасөспірім 4 жыл бойы каратэмен айналысқан. Дәл осы спорт түрінен алған наградалары да жеткілікті. Баскетболмен әуестенеді, сабақ үлгерімі де жақсы. Ол бірнеше жыл бойы Астанадағы авиа мектепке барып жүр. Бүгінгі күнге дейін ол 32 сағат әуеде болса, соның 18 сағатында ұшақты өзі басқарған.

«Менде ағам сияқты авиация жүйесінде жұмыс істегім келеді», — дейді Айдынның 14 жастағы қызы Диана. — Біз әкеміздің ғарышкер болу арманы қандай қиындықпен орындалғанын көрдік. Ол біздер үшін еңбекке, адамдарға, өмірге деген қарым-қатынастарға үлгі болып келеді».

Айдынның кіші әрі сүйікті қызы Даяна екінші сыныпта оқиды. «Мен әкемді жақсы көремін әрі оның дүниедегі ең мықты адам екенін білемін», — деп күледі Даяна. Байқоңырда әкелерін ғарышқа шығарып салу барысында Даяна барынша ұстамдылық танытқаны есте. Өйткені ол ғарыш айлағындағы ғарышкерлермен өткен баспасөз мәслихатынан кейін қаумалаған журналистердің ортасында қалған еді.

«Ол уақытта менің баспасөз қызметкерлеріне назар аударарлық күйім жоқ еді. Біз бірнеше күн ұйықтамадық, ұшырымды ойлап алаңдадық. Тек қана жақсылықты ойлауға тырыстық, бірақ түрлі ойлар болды. Айдынның анасы, менің енем Жұмагүл апа да Байқоңырға келген еді. Сол кісінің аналық дұғасының арқасында бәрі жақсы өтті», — дейді Лилия.

«Біздің отбасымыздың егесі Ақан Рыскелдіұлы 74 жасқа келер еді. Ол осыдан 8 жыл бұрын өмірден озды. Ол Айдынның ғарышқа ұшу үшін барлық емтиханды тапсыратындығын білді әрі оған үнемі сенім артты. Айдын біздің отбасымыздағы екінші ұл. Тұңғышымыз Айдар Айдыннан 1 жас қана үлкен. Ол ҚР шекара әскері департаментінің әскери қызметкері. Қызым Дана үй шаруашылығымен айналысады. Кіші ұлым Алимир 33 жаста, ол «Эйр Астана» ұлттық компаниясында жұмыс істейді», — дейді Жұмагүл апа.


12 жыл бойы өзінің жұлдызды сәтін күткен Айдын Айымбетов ғарышқа самғау үшін тыңғылықты дайындалып қана қоймай жұбайы Лилиямен бірге тәрбиелі ұл-қыз өсірді. Мүмкін таяу уақытта Айдын Айымбетовтің ұлының да арманы орындалып, қазақстандық ғарышкерлердің сапы тағы бір адамға толыға түсер. Алла тағала соны нәсіп етсін!

Биографиялық анықтама

Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында туған. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені «жоюшы-ұшқыш» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі. 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өткен. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде оған Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді. 

null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар