Байқау жұмыстарының қорытынды экспозициясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналды. Аталмыш шара Шығыс Қазақстанда екінші рет өтуде. Байқауға әртүрлі жанрдағы және көркемсурет бағытындағы барлығы 67 туынды ұсынылды.
Көрмеде ауыл пейзаждары, заманауи қаланың жаңа көрініс кескіндемелері, Семей қаласына арналған шағын сәулет құрылымдарының үлгілері ұсынылған. Экспозицияда кескіндемеден басқа, Хамитби Кульчаевтің мәрмәр тастан және шамоттан жасаған мүсіндері, Сергей Шупляктің өңірде сирек кездесетін батик техникасымен орындаған туындысы көрменің сәнін келтіріп тұр.
Қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды. 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы мен байқаудың бас жүлдесіне Құдаш Нұрсадықов лайық деп танылды. 72 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы және мадақтау жүлдесіне Аштем Николай ие болды. 63 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы Ержан Тұрғанбаев пен Виктор Каменикке берілді. Николай Малютин, Рашид Рахметов, Фарид Хасенов 54 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны алды. Хамитби Кульчаев пен Әлібек Шоқанов 15 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы және алғыс хатқа ие болды.