Менің тапсырмаларымның уақтылы орындалып жатқанына қуаныштымын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менің тапсырмаларымның уақтылы орындалып жатқанына қуаныштымын

Менің тапсырмаларымның уақтылы орындалып жатқанына қуаныштымын

«Менің тапсырмаларымның уақтылы орындалып жатқанына қуаныштымын», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жалпыұлттық телекөпір арқылы Жамбыл облысындағы Ақбақай алтын өндіру фабрикасының өнімділігін арттыру жобасын іске қосу рәсімінде.

  • 4 Шiлде 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда пайдалы қазбалардың, оның ішінде бағалы металдардың мол екенін атап көрсеткен Елбасы, алтын өндірісі дұрыс жолға қойылды, енді оның өндірісін арттыру керек және сондай жобалардың бірі жылына 2,8 тонна алтын балқылатын Ақбақай комбинаты болып табылады, деді.

«Алтын алмас» АҚ-ның Ақбақай алтын шығару фабрикасы толық қайта салынып шықты, ол 100 пайыз дайын, — деп есеп берді Елбасына Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Кәсіпорын жыл сайын 2,8 тоннаға дейін алтын қорыта алады. Республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген Ақбақай кен байыту комбинаты 2011 жылы Жамбыл облысында Мемлекеттік үдемелі индустриялық және инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан сегіз жобаның бірі.

Елбасы жобамен телекөпір арқылы танысып шыққан соң, нысанды қосуға рұқсатын беріп, өңір халқын құттықтады.

Соңғы жаңалықтар