Жергілікті билік пен имамдар мұны сақтық шаралары үшін қолға алып отыр. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Өйткені аймақта менингококк инфекциясына шалдыққан жігіт 4-маусым күні қайтыс болған еді.
Бүгін Жаңағорғандағы үш мешіт жабылу мәселесі көтеріліп, келісілді. Оңдағы мақсат – мынау жұқпалы аурулардын алдын алу, ауамен тарайтын аурулардын алдын алу мақсатында үш күнге мешіт келісіліп, жабылды. Бұл жерде таруих намаз оқылмайды, сақтық шараларын күшейту мақастында осындай қадамдарға барып отырмыз”, – дейді Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Облыстық деңсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, менингит күдігімен Жаңақорған кентінің тағы бір 26 жасар азаматы аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Облыс орталығынан жедел түрде оқиға орнына жеткен арнайы мамандар керекті анализдерін алған. Диагноз расталмады.