Мердігер компания көпқабатты үй салғанда жобада жоқ қабаттарды тұрғызып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мердігер компания көпқабатты үй салғанда жобада жоқ қабаттарды тұрғызып жіберген

Мердігер компания көпқабатты үй салғанда жобада жоқ қабаттарды тұрғызып жіберген

Астанада ондаған отбасы далада қалатын түрі бар. Мердігер компания көпқабатты үйді салған кезде жобада жоқ қабаттарды тұрғызып жіберген. Заңсыз салынған бұл қабаттардың кейбірінде тіпті жұрт тұрып жатыр. Енді ақ адал ақшаларына алған сол пәтерлерді босатулары тиіс. Өйткені сот жоспарда жоқ қабаттар бұзылуға тиіс деп шешім шығарған.  

  • 31 Қазан 2012
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл үйдің ерекшелігі сонда — мердігер компания көпқабатты үйлерге жобада жоқ бірнеше қабатты заңсыз қосып жіберген. Тіпті әлі тапсырылмаған  үйлерге де тұрғындардың алды кіріп үлгеріпті. Солардың бірі Баян Керейбаева. Мына 61 шаршы метрлік баспанасында қызымен тұрады. Заңсыз және артық салынған қабатта тұратынын естігенде жағасын ұстады.

Баян Керейбаева, тұрғын:

— Жөндеу жұмыстарын да жасап қойдым. Мен қазір қайда барамын? Жасым болса 61-де.

Қанат Қонаев та құрылысы толық бітпеген бұл үйге былтыр кірген, отбасымен. Алайда, бір жылдан соң, өзі тұратын қабаттың артық екенін және сот шешімімен бұзылатынын естіп отыр. Енді мердігер компанияның өзін сотқа бермек. 

Қанат Қонаев, тұрғын:

— Соттасамыз, олай болмайды ғой, қалай сіз өз үйіңізді біреуге беріп қоймайсыз ғой.

Мына «Алтын раид», «Орбита» тұрғын үйі мен Кенесары және  Тілендиев көшелерінде орналасқан үйлердің жоғарғы 2 және 4 қабаттары құжатта мүлдем жоқ. Алайда, жобаға пысқырмаған мердігер өз еркімен қосымша қабаттарды салып тастаған. Дегенмен, өздері бұдан ерсілік көрмейтін секілді. Керісінше, тұрғындарды уақытынан ертерек кіргіздік, ал құжатымыз түгел деп міз бақпайды. 

Ләйлә Шеңдебаева, «Тамыз Инвест групп» АҚ бас сәулетшісі:

— «Алтын раидқа» қатысты айтайын: алдын ала келісілген эскиздік жоба бар осы 13-інші қабатқа қатысты. Қазір сараптан өтуі тиіс жұмыс жобасы ғана қарастырылып жатыр. Онымен жобалаушы жұмыс істеуде. Ал қаулы, жалға беруге қатысты келісімшарттың бәрі бар.

Бұл жолы мердігер компания артық қылам деп тыртық қылған сыңайлы. Мемлекет тапсырысымен салынып жатқан бірқатар үйдің заңсыз тұрғызылған қабаттарына ескі құрылыс материалдарын жұмсапты. Десе де Құрылыс агенттігіндегілер артық қабаттарды бұзбай-ақ құрылыс компаниясымен ортақ мәмілеге келуге болады деп отыр. 


Арнольд Ли, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің сарапшысы:

— Мердігер компания толыққанды техникалық тексеру жүргізіп, бүкіл нысанды қайта қарап шығуы тиіс. Тексеру нәтижесінде ол ғимараттардың негізгі бөлігіне еш нұқсан келтірмейтіндей болып, құжаттарын дұрыстап, мемлекеттік сараптамадан өтсе, онда мердігер бұл нысандарды тапсыруына болады.

Сапасыз әрі артық салынған қабаттарды қайтадан бұзу туралы соттың шешімі шықты, таяу уақытта. Алайда  сот қаулы шығарса да, мердігер компания жергілікті басқарушы билікпен келісімге тұрып мәселені шешуге мүдделі. Құрылыс агенттігіндегілер де әзірге үйге кіріп үлгерген тұрғындардың уайымына еш негіз жоқ деген пікірде.

Соңғы жаңалықтар