Жарияланды: 450

Мереке күндері Астанада 20 мас жүргізуші ұсталды

Елордалық жол полицейлері мереке күндері 20 мас жүргізушіні ұстады,

деп хабарлады Астана ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен. «Жол полицейлері 4-6 шілде аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудің 952 фактін анықтады, оның ішінде 20 жүргізуші рульге мас болып отырғаны үшін ұсталса, жылдамдықты асырған 119 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», делінген ресми хабарламада. Мереке күндері жол полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. «Мерекелік шаралар кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Астана Жол полициясы басқармасының 450 шақты қызметкері жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін