Мереке күндері Астанада 20 мас жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мереке күндері Астанада 20 мас жүргізуші ұсталды

Мереке күндері Астанада 20 мас жүргізуші ұсталды

Елордалық жол полицейлері мереке күндері 20 мас жүргізушіні ұстады,

  • 7 Шiлде 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Астана ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

«Жол полицейлері 4-6 шілде аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудің 952 фактін анықтады, оның ішінде 20 жүргізуші рульге мас болып отырғаны үшін ұсталса, жылдамдықты асырған 119 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», делінген ресми хабарламада.

Мереке күндері жол полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

«Мерекелік шаралар кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Астана Жол полициясы басқармасының 450 шақты қызметкері жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар