Меркідегі атысты ұйымдастырғандардың бірі қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меркідегі атысты ұйымдастырғандардың бірі қолға түсті

Меркідегі атысты ұйымдастырғандардың бірі қолға түсті

Жамбыл облысының Меркі ауданында орын алған қанды оқиғаға қатысы бар азамат қолға түсті. Естеріңізге сала кетсек, бір апта бұрын  Алматы-Ташкент тас жолы бойындағы дәмханалардың бірінде төбелес шығып, арты атысқа ұласқан болатын. Бүгін ішкі істер департаментінің өкілдері осы қырғынды бастағандардың бірін қамауға алғандарын хабарлады.

  • 26 Шiлде 2011
  • 650
Фото - Caravan.kz

18 шілде күні орын алған оқиғадан Меркі жұрты әлі есін жиған жоқ. Қару асынған қанды қол қарақшы 7 адамға оқ жаудырған. Оқиға орнында бір азамат мерт болды. Екіншісі, аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Жамбылдық полицейлер 2 адамды жер жастандырып, 5 азаматты  ауыр жаралаған азаматты апта бойы іздеген.


Роза Қалдыбекова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы: 

-Ақтоған ауылының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Меркідегі атыс-шабысқа қатысқандығын мойындады. Полицияға тапаншасын өзі әкеліп өткізді. 

Соңғы жаңалықтар