Мешітте құнды заттар ұрлаған ұрлықшы ұсталды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешітте құнды заттар ұрлаған ұрлықшы ұсталды

Мешітте құнды заттар ұрлаған ұрлықшы ұсталды

Алматының мешітінен құнды заттар ұрлаған ұрлықшы ұсталды.

  • 8 Ақпан 2019
  • 68
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Полицейлер жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында сұғанақты қылмыс үстінде қолға түсірген. Тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін дейді.

"Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында орналасқан мешіттің бірінен қалта ұрлығымен айналысқан Оңтүстік Қазақстан облысының 30 жасар азаматын құрықтаған болатын. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бұрын-соңды бірнеше рет сотталған азамат екен. Біздің пайымдауымызша, ол бұрын да қылмыстар жасаған болуы мүмкін", – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы айда қалада 70 қалта ұрысы ұсталғане, деп хабарлады 
Almaty.tv
 телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар