Мешіттен 40 мың доллар ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешіттен 40 мың доллар ұрланды

Мешіттен 40 мың доллар ұрланды

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы мешітте жергілікті кәсіпкердің шамамен 40 мың доллары ұрланған.

  • 20 Сәуiр 2018
  • 52
Фото - Caravan.kz

Құқыққорғау органдары екі күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, Қашқадария облысындағы Шахрисабз қаласының ішкі істер басқармасына жергілікті бір кәсіпкер 38,7 мың доллары ұрланғаны туралы шағым түсірген. Ақша қол сөмкеде болған.

"Жәбірленуші ақша салынған қол сөмкесін жергілікті мешіттердің біріндегі жуынатын бөлмеде тастап кеткен. Қайтып келіп, сөмкенің ұрланғанын білген", — делінген хабарламада.

ІІМ мәліметі бойынша, шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде екі күдікті — Бұхара облысы мен Ташкент қаласының тұрғындары ұсталды.


Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Ұрлық жасаушы бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар