Жарияланды: 350

Мешіттерде уағыз жүргізген заңсыз миссионерлерге айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының соты Астанадан келген төрт миссионерге айыппұл салды.

Дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық соттың баспасөз хатшысы Ақбөпе Өтекинаның хабарлауынша, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 375 бабы 3 тармағында (тіркеуден өтпей миссионерлік қызмет жүргізу) көзделген құқық бұзушылыққа жол берді деп танылды. "Әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, олар ол ақшаны мемлекет пайдасына аударуға тиіс", деді ол. Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіштің көлемі 1618 теңге. "Діни қызметтерін ислам талаптарына сай жүргізгенмен, олар мемлекеттік органдарда тіркеуден өтпеген, рұқсат құжаттары жоқ", деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін