Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол ел білмейтін түрлі ақпарат айтты:
—Егер үй алайын деп жүрсеңіз, жанында мешіт, морг, шіркеу, аурухана бар жерлерден үй алмаңыз. Себебі, ол жерлердің энергиясы өте жағымсыз болып келеді. Егер, сондай жерлерден алатын болсаңыз, сіздің тапқан табысыңыз еміңізге кетіп отырады. Сіз ақша табасыз, ауырасыз, емделесіз. Ақшаңыз осылай кетіп отырады, делінген видеода.
«Мешіт жақын жер жаксы емес пе?», «Қайта мешіт жақтан алған жақсы емес па? Азан даусы естіліп, 5 уақыт құран оқытылады», «Құдай сақтасын, әулиенің дәл түбінде тұрамын«, деп жазды оқырмандары.
Сонымен қатар, нумеролог мынадай ақпарат жазды:
«Жаман энергиясы бар жерлерден үй таңдамаңыз
Үй таңдағанда оның орналасқан жері мен айналасындағы энергияның тазалығына ерекше мән беру маңызды. Фэн шуйда үйлесімділікке кері әсер ететін жаман энергияға толы жерлер бар. Мұндай жерлерде үй сатып алуға немесе салуға болмайды.
Жаман энергиясы бар орындар:
1.Зираттар мен ауруханалардың жанында:
•Бұл жерлерде ауыр энергия шоғырланғандықтан, үйдің тұрғындары жиі шаршау, денсаулық мәселелерін сезінуі мүмкін.
2.Электр станциялары мен үлкен электр бағаналарының жанында:
•Электромагниттік толқындар адамдардың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
3.Көше қиылыстары мен үлкен жолдардың жанында:
•Үйдің алдына тура бағытталған көше немесе қиылыс Ша энергиясын тудырады, бұл бақытсыздық пен тұрақсыздық әкелуі мүмкін.
4.Лас өзендер мен қоқыс тастайтын жерлердің қасында:
•Мұндай орындар тек экологияға емес, үйдің энергетикалық тепе-теңдігіне де зиян келтіреді.
5. Орталығы бұзылған немесе дұрыс емес пішінді үйлер:
•Үйдің ортасы бос немесе баспалдақ, дәретхана орналасса, бұл үйлерде үйлесімді энергия болмайды.
Үй таңдауда фэн шуй кеңестері:
•Үйдің айналасындағы табиғатқа мән беріңіз: таза өзендер, жасыл ағаштар энергияның оң әсерін күшейтеді.
•Үйдің пішіні төртбұрыш немесе шаршы болғаны дұрыс.
•Көше бағыты үйге тік бағытталмауы керек.
•Тыныш әрі энергиясы таза аудан таңдаңыз.
Үй — бұл тек баспана ғана емес, ол сіздің денсаулығыңыз бен бақытты өміріңіздің негізі. Сондықтан дұрыс таңдау жасау өте маңызды!», деп жазды.