Мешіттің алдында тырысқан шалбар киіп видеоға түскен тиктокер қыз көпшіліктің наразылығын туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешіттің алдында тырысқан шалбар киіп видеоға түскен тиктокер қыз көпшіліктің наразылығын туғызды

Мешіттің алдында тырысқан шалбар киіп видеоға түскен тиктокер қыз көпшіліктің наразылығын туғызды

Қазан қаласында тиктокердің Құл-Шариф мешітінің алдында тырысқан шалбар киіп түскен фотосы желі қолданушылардың наразылығын туғызды.

  • 8 Қараша 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Дарья Пепеляева есімді тиктокерді мәдениет пен дәстүрге құрметсіздік танытты деп айыптады. 

"Бөксесін үлкейтіп көрсеткені ешкімді таңғалдырмай ма?" “Діни адамдардың сезіміне түкіргені бар”, "Шамасы, жезөкшелердің табысы қатты төмендеген ау, мұндай ұятсыз суретке түскеніне қарағанда… Жарнама – сауда жасайтын күш. Оның ішінде тәнді саудалайтын құрал” деді қолданушылар.

Кейбір азаматтар қызды діни адамдардың сезімін қорлағаны үшін жауапқа тартуға шақырды. Содан соң блогер фотосын алып тастады.  

Сонымен бірге, Ресейдің мұсылман әйелдер одағының төрағасы Наиль Зиганшина жастарды мұндай видео үшін жазаламау керек, бірақ тарих пен руханиятқа құрметпен қарауды үйрету керек дейді.


"Әзірге жазалаудың қажеті жоқ, бірақ ағарту жұмыстарын жасау керек. Жастарды руханиятқа, өз тарихына құрметпен қарауға үйрету қажет. Бұл жұмысты БАҚ-та, қоғамдық ұйымдар да, жастар да жүргізу керек", –  деді ол.