Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Екі күннен кейін Жайрем кентіне жолға шығамыз.Үлкен мешіт салынып елден шақырту алған соң,концертпен барамыз деп жоспарлап отырмыз.Менің оқырмандарымның ішінде Жәйремдіктер бар ма екен өзі?! 25 сәуір амандықпен жүздескенше жерлестер", деп жазды әнші.
Үлкен мешіттің ашылуына құрметті қонақ ретінде шақырту алғандықтан, халық үшін арнайы концерт бергісі келгенін (мешітте емес) жазған.
Дегенмен, Қарақат ханымның жазғанын оқырмандары түсінбей қалса керек. Оқырмандар пікірі төмендегідей болды:
"Мешітке концерттің керегі не?", "Негізі музыка харам деп жатады ғой.Құран оқытса бір жөн", "Түсінбедім, мешіт салынғанға концерт қоя ма әлде қалай?", "Көп ақша береді, сол үшін бола береді қазір".