Месси Марадонаның өлімі туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Месси Марадонаның өлімі туралы пікір білдірді

Месси Марадонаның өлімі туралы пікір білдірді

Француздың "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Лионель Месси Аргентина, "Барселона" және "Наполи" клубтарының аты аңызға айналған футболшысы Диего Марадонаның қайтыс болғанына бір жыл толуына орай еске алу жазбасын арнады.

  • 26 Қараша 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Бір жыл өтті. Аргентина біраз жылдардан кейін қайтадан [Копа Америка] чемпион атанды. Мен оның теледидарда сұхбат беріп жатқанын, өз пікірін білдіріп жатқанын қайта көретіндей боламын", — деді Месси.

"Оның өмірден өткеніне көп уақыт өтті, бірақ дәл кеше болған сияқты. Мен онымен бірге өткен сәттерімді ең ыстық естелік ретінде есімде сақтаймын", — деп түйіндеді футболшы.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Leo Messi (@leomessi)

Марадона 2020 жылы 25 қарашада 60 жасында дүниеден өтті. Футболшының өліміне жүрек талмасы себеп болғаны айтылды. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлердің күші жетпеген.

Марадона "Бока", "Барселона", "Севилья" және "Наполи" клубтарында ойнады, итальяндық команданың құрамында елдің екі дүркін чемпионы болды, УЕФА кубогын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар