Месси осымен төртінші рет Испания чемпионатының ең үздік футболшысы атанды
|
Бүгін Астанада бас қосқан теннис федерациясының өкілдері алдағы Дэвис кубогына дайындық жайын ортаға салды. Ұлттық теннис орталығына жиылған құрама мүшелері алдағы байрақты бәсеке алдында жоспарларымен бөлісті.
Дэвис кубогы аясында ақпан айының 1-3 аралығында Австрияны қабылдайтын еліміздің құрамасы қазірде дайындық жоспарын жасап қойған. Мәселен, желтоқсанның ортасында ерлер және әйелдер құрамасы толықтай Дубайда жаттығу жиынын өткізбек. Қарсыласымыз да осал емес. Австрия құрамасының көшбасшысы әлемдік рейтингте 29-орында тұрған Юрген Мельцер. Сондай-ақ, жұптасып өнер көрсетуде де қонақтар оңайлықпен беріле қоюы екіталай. Дэвис кубогының артын орай, Астана тұңғыш рет федерация кубогын қабылдамақ. Әйелдер арасында өтетін бұл дода ақпанның 4-9 аралығына жоспарланған. Баспасөз мәслихатынан кейін Ярослава Шведова жастарға шеберлік сыныбын өткізді.
Диас Досқараев, Қазақстан құрамасының капитаны: - Австрия құрамасы шебер теннисшілерден жасақталған. Жұптасып өнер көрсетуден қарсыластарымыз әлемнің үздік 40 құрамасына кіреді. Сондықтан оңай болмасы анық. Барлығын алдағы ойын көрсетер. Кәсіпқой бокстан абыройымызды асқақтатып жүрген жерлесіміз Бейбіт Шүменовтің әрбір жекпе-жегін үнемі асыға күтеміз. Жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша Дүниежүзілік бокс қауымдастығының чемпиондық атағын ұстап тұрған Шүменовтың мақсаты биік. Бейбіт пен оның командасы соңғы бір-екі жылдан бері осы категориядағы чемпиондардың арасынан абсолютті чемпионды анықтау үшін біріккен жекпе-жектер өткізуге шақырумен әуре. Неден сескенетінін кім білсін, өзге тұжырымның чемпиондары әзірге Бейбіттің ұсынысын құлаққа ілер емес. Сылтаулары көп. Дегенмен осы жақында ғана бір жаңалықтың шеті шыққандай. Бүкіләлемдік бокс кеңесі тұжырымының чемпионы, 25 жастағы британиялық дүлдүл Натан Клеверли өзінің болашақтағы мүмкін деген қарсыластарының есімдерін атады. Олар- Таворис Клоуд, Бернард Хокинс және Бейбіт Шүменов. Кәсіпқой боксшы ретінде шаршы алаңда өткізген 24 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен Натан Клеверли, сол үш боксшының қайсысына тоқтары белгісіз. Бір білетініміз олардың қайсы бірімен кездеспесін болашақ матчтың бокс жанашырларын бей-жай қалдырмасы анық. Бізге салса, британдық боксшының, Бейбіт Шүменовпен жұдырықтасқанын қалар едік. Испанияның кәсіпқой футбол лигасы, қалыптасқан дәстүр бойынша жылдың үздік футболшылары мен жаттықтырушыларын марапаттады. Жыл үздіктерінің тізімін әдетте, лиганың техникалық комитеті ұсынады.
Тек содан кейін чемпионатқа қатысатын командалардың ойыншылары мен бапкерлері дауыс беруі арқылы, жылдың үздіктері анықталады. Испания футболының 2012 жылғы ең үздік футболшысы деп осымен төртінші рет Лионель Месси танылды. Каталониялық клубтың лидері үшін, биылғы маусым өте сәтті аяқталды деуге толық негіз бар. Жылдың сұрмергені деген атақты қоса алған Месси, футбол өнерінің патшасы Пеленің рекордын жаңартты. Аты аңызға айналған Пеле 1958 жылы 75 голдың авторы атанса, Лионель Месси одан да асып түсті. Оның командалас әріптесі Андреас Иньеста жылдың үздік жартылай қорғаушысы аталса, жаттықтырушыларға бекітілген жүлде «Барселонаның» экс-бапкері Хосеп Гвардиолаға табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін