Металл сынықтарын жинаушы 60 -тай адам Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағына заңсыз енуге талпыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Металл сынықтарын жинаушы 60 -тай адам Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағына заңсыз енуге талпыныс жасады

Металл сынықтарын жинаушы 60 -тай адам Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағына заңсыз енуге талпыныс жасады

Ақсу қаласында металл сынықтарын жинаушы оралмандар тобы Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағына заңсыз енуге талпыныс жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақсу аудандық ІІБ кезекші бөлімінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2004
  • 553
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, Монғолиядан қоныс аударған 60-тай жұмыссыз адам ферроқорытпа зауытына таяу аумақтағы феррохром қалдықтарын бірнеше жылдан бері жинап жүрген. Металл сынықтары түгел жиналып біткеннен кейін сынық жинаушылар зауыт аумағындағы қоқыс-қалдықтарды қаза бастаған.

16-шілде, жұма күні зауыт аумағына тағы да заңсыз енуге талпыныс жасау барысында Ақсу ферроқорытпа зауытының қауіпсіздік қызметі мен металл сынықтарын жинаушылар арасында қақтығыс шыққан. Бассыздық салдарынан зауыт күзетшілерінің бірі жеңіл жарақаттанды. Кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі құқық қорғау мекемелерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Оқыс оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімі мен прокуратура қызметкерлерімен бірге Павлодар облыстық ІІБ-ның бастығы Мұрат Тұмарбеков те барды.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары келіссөздер көмегімен шиеленіске тосқауыл қойды. Оқыс оқиғаға себепкер болғандардан ешкім де қамауға алынған жоқ. Дегенмен, кезекші бөлімнен хабарлағанындай, тәртіпсіздік деректері бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қазір қаралып жатыр. Қақтығыс бастамашыларына ҚР Қылмыстық кодексінің «бұзақылық» және «қарақшылық шабуыл» жөніндегі екі бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды аудандық ІІБ. Қазір тергеу жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта