МЕТРО Кэш энд Керри компаниясы Қазақстан студенттеріне гранттар бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МЕТРО Кэш энд Керри компаниясы Қазақстан студенттеріне гранттар бөлді

МЕТРО Кэш энд Керри компаниясы Қазақстан студенттеріне гранттар бөлді

«МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС және Алматы қаласының Әуезов аудандық әкімдігі, бизнестің бірлескен әлеуметтік жауапкершілігі аясында «МЕТРО Гранты» атты әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • 30 Маусым 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

Енді меморандум аясында METRO компаниясы Қазақстан студенттеріне оқып білім алу үшін грант бөлетін болады.

«Бұл жобаның мақсаты — арнайы орта оқу орындарының (колледждердің) 1-ші және 2-ші курсында білім алатын аз қамтылған, көп балалы, жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларға, мүгедектерге және жетімдерге демеушілік қолдау көрсету»,-дейді «МЕТРО Кэш энд Керри» компаниясының Бас директоры Стивен Кригер.

Оның айтуынша, грант оқудың бір жылына беріледі және кешенді тестілеу мен сұхбаттасудан тұратын екі кезеңнен өту арқылы байқау негізінде ұсынылмақ.

2011 жылы білім алуға арналған барлығы 5 грантты Компания еліміздің төрт қаласына бөлетін болады. Екеуі — Алматыға, ал Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларына бір-бірден бөлінбек. Бұл жоба биылғы жылдың 16 маусымында өз бастауын Алматы қаласында алды. Осы жобаны іске асыруда серіктес ретінде 50 жыл бойы еңбек нарығында сұраныстағы және Компания қызметіне сәйкес келетін мамандарды дайындайтын Алматы мемлекеттік Технология және менеджмент колледжі арнайы таңдап алынды.

«Осындай іс-шараларды өткізе отырып, біз елдің тұрақты дамуына, ағымдағы сұрақтардың, әлеуметтік маңызы бар өңірлік мәселелердің шешілуіне, кадрлардың дайындығына, денсаулық сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның барлық азаматтарының экономикалық жағынан өркендеуі мен амандығына бағытталған бизнес тарапынан үлесін қосып, оны көтеріп отырамыз» — деп атап өтті шара барысында Стивен Кригер.

Бүгінде «МЕТРО Кэш энд Керри» сауда орталығы жүйесінің Қазақстанда ашылғанына 3 жыл болды.

Қазіргі таңда METRO Cash & Carry 30 елде 700 көтерме сауда орталықтарын басқарады. Компания қызметкерлерінің саны бүгінде 100 000-нан асады, ал оның сатылымдары былтыр шамамен 31 млрд. еуроны құрады. METRO Cash & Carry дүние жүзіндегі ең ірі халықаралық компаниялардың бірі. Ол METRO Group неміс компаниясының сауда бөлімшесі болып табылады. 2010 жылы METRO Group сатылымдары шамамен 67 млрд. еуроға жетті. Әлемнің 33 еліндегі компанияның 2 100 дүкенінде шамамен 280,000 қызметкер жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар