Метрода ер адам бойжеткеннің құлап қалған телефонын көтеремін деп, екі саусағынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Метрода ер адам бойжеткеннің құлап қалған телефонын көтеремін деп, екі саусағынан айырылды

Метрода ер адам бойжеткеннің құлап қалған телефонын көтеремін деп, екі саусағынан айырылды

Мәскеу метросында бір жолаушы кеше кешке «Пушкинская»  стансасында эскалатормен түсіп келе жатқан уақытта

  • 31 Шiлде 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz

телефоны түсіп кеткен қызға көмектесемін деп, оң қолының екі саусағынан айырылды, деп хабарлады ТАСС.

Мәскеу метрополитеніндегі ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Алексей Мышляев хабарлағандай, оның саусақтарын эскалатордың қозғалып тұрған тарақшасы  жұлып кеткен.

30 шілдеде, бейсенбі күні Удмуртия республикасының 24 жастағы тумасы экскалатормен түсіп келе жатып, жанында тұрған бойжеткеннің ұялы телефоны түсіп қалғанын байқап қалады да, оны көтеріп алмақшы болғанда, екі саусағынан айырылған. «Саусақтары қозғалып тұрған металл тарақшаның арасына қыстырылып қалған. Оның оң қолының екінші, үшінші саусақтары кесіліп кетті», — деді баспасөз қызметінің басшысы.

Мәскеу метрополитенінде ІІБ қызметкерлері жедел жәрдем шақыртқан, жарты сағат ішінде ол ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар