Метродағы жарнама: "айналдыр", "жала", "малып ал"... - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Метродағы жарнама: "айналдыр", "жала", "малып ал"...

Метродағы жарнама: "айналдыр", "жала", "малып ал"...

Қазақты жарнамамен масқаралау ойыны әлі жалғасып жатыр. Мәселен, мына жарнама тағы да Алматы қаласының метросында тұр. Бұл туралы А

  • 3 Қазан 2016
  • 2081
Фото - Caravan.kz

Қазақты жарнамамен масқаралау ойыны әлі жалғасып жатыр. Мәселен, мына жарнама тағы да Алматы қаласының метросында тұр. Бұл туралы Абай.кз жазды.

"Екі миллионға жуық тұрғыны бар қалада қазақтың тілін білетін бір адам жоқ болғаны ма?" деген заңды сауал туады, осындайда. Әрине, бар. Біреу емес, миллиондар қазір қазақ тілін жетік біледі. Оларды тілін қорлап, мазақтағысы келетін астыртын топ бар секілді.

Мұндай жарнамалар бүгінде елімізде қолданылуы қарқын алған қазақ тілін артқа тартқысы келетіндер әдейі жасайтын секілді әсер етеді. Мысалы өткенде ғана бүкіл баспасөз төмендегі "шабаттан" деген жарнаманы сынап, шу көтерген болатын.


Ендігі тосынсыйы "айналдыр", "жала", "малып ал" болды.

Ең қызығы осы екі жарнама да Алматы қаласындағы метроға ілініпті. Неге?

Біріншіден, осындай қазақ тілін қорлап, жарнама жасаушыларды сотқа беру керек.

Екіншіден, осы жарнаманы ілуге рұқсат беріп, табыс тауып отырған метро басшылығы да жауапқа тартылуы керек.