Мезгілсіз қаза тапқан шекарашыларға жәнібектік ақын жыр жолдарын арнады - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мезгілсіз қаза тапқан шекарашыларға жәнібектік ақын жыр жолдарын арнады - БҚО

Мезгілсіз қаза тапқан шекарашыларға жәнібектік ақын жыр жолдарын арнады - БҚО

Өткен жылғы 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әскери ұшақта шекарашылардың қаза тапқаны белгілі.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 339
Фото - Caravan.kz

Елдің қабырғасын қайыстырған осы қайғылы оқиғаға орай Жәнібек ауданында тұратын жас ақын Нұртай Ғаппар мынадай жыр жолдарын жолдады.

27!

Бейбіт көгімнің қыраны,

Биік көңілдің шуағы,

Өжеттіліктің символы,

Батырлар бізден туады.

Айқара ашып төсімді,

Қарсы алғам бейбіт кешімді,

Тәтті таңның арайымен

Түннің күрмеуі шешілді.

Жұмысымызға үлгеріп,

Жарымызға да гүл беріп

Жүргенде,

…Кірпік ілмеген,

Батырлар нарқын білмедік.

Не болды, сірә, расында,

Күңгірт ой шықты асуға.

Бұлтсыз күнгі аспанда

Ойнайды екен-ау жасын да.

Қыран қанаты қайырылып,

Қапияда айырылып,

27-нің есімін

Көкірекке жұттық қайғы қып.

Отан деп өткен ерлерім,

Айырылу — қайран елге мұң.

Көк аспан жаспен шүпілдеп,

Жоғалтты бүгін өрнегін.

Қайратпен намыс ұштаған,

Өрлікке ғана нұсқаған,

Еліме жаулар кірер деп,

Қаруын мығым ұстаған.

«Түн ұйқысын төрт бөлген»,

Намыс десе өртенген.

Қақ айырылып өр кеудем,

Айырылдым ба серкемнен.

Жауларым ба білмеген,

Опасыз бар ма күндеген!

Сырт көздер қақпан құрды ма,

Жымысқы оймен тілдеген?

Еңкейіп туым түскен күн,

Мерейі жаудың өскен күн.

Батырларым мерт болып,

Басымнан бағым көшкен күн.

Табанынан сыз өткен,

Тыныштығымды күзеткен

Арыстандарымның есімін,

Аламыз еске ізетпен.

Анамның алып қорғаны,

Баламның алып қорғаны.

Шекара сарбаздары,

Хас батыр — халық ардағы.

Құлдилап ап бір демде,

Шаншылды ұшақ іргемде.

Жаңғырығы да шерменде,

Жарықшағы да кеудемде.

Жиырма жетімнен айырылдым,

Жиырма жетіде қайғырдым.

Азалы жүрек ішінде

Қаласың мәңгі айбыным!