«Егін егу жұмыстары кестесінің өзгеруіне байланысты ЖЖМ нарығының тұрақсыздану қаупінің алдын алу үшін қазіргі уақытта тыйымды ұзарту мәселесі қаралып жатыр», - делінген министрліктің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында. Еске сала кетейік, Қазақстанда егін егу науқаны кезеңіне 1 шілдеге дейін ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, МГМ қазақстандық ЖҚС-ларда бөлшек бағаның келесі шекті мөлшерін белгіледі: АИ 92/93бензині– литрі үшін Т102; Аи-80бензині–литрі үшінТ83; дизелотыны– литрі үшін Т87.