МГМ бензин бағасын көтерген «Гелиос» компаниясына қатысты шара қолдануға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МГМ бензин бағасын көтерген «Гелиос» компаниясына қатысты шара қолдануға уәде берді

МГМ бензин бағасын көтерген «Гелиос» компаниясына қатысты шара қолдануға уәде берді

ҚР Мұнай және газ министрлігі бензин бағасын көтерген «Гелиос» компаниясына қатысты шара қолдануға уәде берді.

  • 11 Шiлде 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Гелиос» компаниясы кеше АИ-92 маркалы бензиннің бағасын Т102-ден Т113-ке дейін қымбаттатқан болатын.

«АИ-92-93-тің бағасы 102 теңге, солай қалады. «Гелиос» компаниясы (бағаны – ҚазТАГ) көтерді, бірақ шара қолданылады. Бұл жерде парламент мақұлдаған заңға қол қою көмектеседі деп ойлаймын», — деді мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев дүйсенбі күні үкіметте.

Бұрын хабарланғандай, үстіміздегі жылдың мамыр айында С. Мыңбаев «Гелиос» жанармай құю станциялары желісінің бензиннің бөлшек бағасын 10%-ға қымбаттатуына қатысты өз пікірін білдірген болатын.

Министрдің айтуынша, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Гелиос» үшін министрліктің басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп белгілеген шекті бағадан төмен бағалар деңгейін белгілеген. «Гелиос» бағаны белгіленген бағадан асыра алмайды.

Соңғы жаңалықтар