МИ-8. Тергеу шаралары. Соңғы ақпаратттар
![]() |
Іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі. |
2012 жылдың 30 қарашасында сағат 11:00-де тікұшақтың сынықтарының астынан экипаждың сегізінші мүшесінің мәйіті табылды. Тікұшақ құлаған жерде ҚР Бас көлік прокуратурасының басшылығымен тергеу шаралары өткізілуде. Оның барысында апаттың барлық мән-жайлары және экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза табуының барлық жағдайлары зерттеледі.
Сонымен Алматы облысында (оңтүстік-шығыс) апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының бортында қаза тапқан экипаж мүшелері мен жолаушылардың барлығының мүрдесі табылды, ал 30 қарашада инженер Алмаз Сәрсембаевтың мүрдесі апат орын алған жердің маңынан табылды.
Тікұшақ құлаған жерде ҚР Бас көлік прокуратурасының басшылығымен тергеу шаралары өткізілуде. Оның барысында апаттың барлық мән-жайлары және экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза табуының барлық жағдайлары зерттеледі.
Жоғалған тікұшақтың бөліктері Алматы облысының Үшарал қаласынан 90-95 шақырым аудандағы Достық стансасына қарай, Достық-Үшарал тас жолының сол жақ беті бойынша 5-7 шақырым жерде, Алакөл көлінен 15-20 шақырым жерде табылған болатын.
Құлау кезінде тікұшаққа елеулі зақым келген, оның тек артқы бөлігі ғана бүтін қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі, 24 қараша күні сағат 13-те Алматы облыстық ТЖД-нің кезекшілік бөліміне сағат 8:30-да Алматы облысының Алакөл ауданындағы ұшу-қону алаңынан МИ-823 азаматтық тікұшағы ұшып, жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. «ЕуроАзияЭйр» АҚ-ның жезқазғандық филиалының иелігіндегі тікұшақты «Қазақстандық-қытайлық құбыр» ЖШС Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын ұшып қарау үшін жалға алды. Тікұшақтың ішінде экипажбен бірге 8 адам бар еді.
ҚР ТЖМ-нің ақпаратынша, МИ-8 тікұшағының ішінде 8 адам болды:
- әуе кемесінің командирі Хабибуллин Рауль Гауптрауфович;
- екінші ұшқыш Есенәлиев Нұрлан Әжібайұлы;
- бортмеханик Ким Владимир Иванович;
- авиатехник Максаев Константин Викторович;
- авиатехник Радомский Виктор Иванович.
Жолаушылар арасында:
- «ҚазТрансОйл» АҚ-ның ұшу байқаушысы Шоқпаров Нұржан;
- кезекпен жұмыс істейтін инженер Сәрсембаев Алмаз Қаметбазарұлы;
- ККТ АҚ-ның инженері Сабыров Кенжебай Нағашыбайұлы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін