МИ-8 тікұшағындағы экипаж мүшелерінің аты-жөндері жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МИ-8 тікұшағындағы экипаж мүшелерінің аты-жөндері жарияланды

МИ-8 тікұшағындағы экипаж мүшелерінің аты-жөндері жарияланды

Қазақстан ТЖМ өз сайтына жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағындағы экипаж мүшелерінің аты-жөнін жариялады.

  • 28 Қараша 2012
  • 540
Фото - Caravan.kz

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген іздестіру шараларына 5 тәуліктен асты.

Ми-8 тікұшағының бортында 5 экипаж мүшесі және 3 жолаушы болған, олар:
1. командир — Хабибуллин Рауль Гауптрауфович, 1979 жылы 7 қаңтарда туған;
2. екінші пилот — Есеналиев Нурлан Ажбаевич, 1987 жылғы;
3. борт механигі — Ким Владимир Иванович, 1962 жылғы;
4. авиатехник — Максаев Константин Викторович, 1961 жылғы;
5. авиатехник — Радомский Виктор Иванович, 1954 жылғы.
Жолаушылар:
1. «ҚазТрансОйл» АҚ ұшу бақылаушысы — Шоқпаров Нұржан, 1960 жылғы;
2. аусымдағы инженер — Сәрсембаев Алмаз Каметбазарұлы, 1960 жылғы;
3. ККТ АҚ инженері — Сабиров Кенжебай Нағашыбайұлы, 1975 жылғы.
Қазіргі уақытта, ТЖМ хабарлауынша, тікұшақты іздестіру әлі де жүргізілуде.
Үш бортттың қатысуымен 4 рет шарланды; 115 адам қатыстырылуда, 2 қайық пен 13 техника жұмылдырылуда.
Алматы облысында жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағын іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру-құтқару жұмыстарына: төңіректі 4 рет аралап ұшып шыққан 3 борт (1 тікұшақ ҚР ҰҚК-нің Үшарал шекара қызметінен, 1 тікұшақ «ЕуроАзияЭйр» АҚ және 1 тікұшақ ҚР ТЖМ-нен), 115 адам, 13 бірлік техника, 2 қайық тартылды», — деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Іздестіру шаралары бүгін, 28 қарашада 08.00 сағатта қайта жалғастырылды.

Іздеу жұмыстары әзірше нәтиже берген жоқ.

Еске сала кетейік, «ЕуроАзияЭйр» АҚ Жезқазған бөлімшесіне қарасты МИ-8 тікұшағы 5 тәулік бұрын із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Содан бері оны іздестіру шаралары жалғасып келеді. Экипаж «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын әуеден бақылау үшін аттанған. Содан кейін байланысқа шықпаған. Бортта экипажбен бірге 8 адам болды.